Жаңалықтар

Алматы облысында агробақ құрылды

ашық дереккөзі

Алматы облысында агробақ құрылды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлназ Атамқұловамен, «НК СПК «Жетісу» АҚ төрағасы Ерлан Шынтөринмен және Alatau Fruits Engineering» ЖШС директоры Теміржан Жалғасбаевпен өңірде бақ саласын бірлесіп дамыту туралы меморандумға қол қойды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлназ Атамқұлованың сөзіне қарағанда,  бүгінгі күні Қазақстанның 13 облысында 180 несиелік серіктестік құрылған. Алматы облысында несиелік серіктестіктің 22-сі жұмыс жасайды. Егер ағымдағы жылы республикада 30 млрд теңгеге қаржыландыру көзделсе, жетісу шаруалары 2 млрд 800 мың теңге көлемінде алады. мандық Баталов әр аймақтың жай-күйімен танысып, кей әкімдер көрсеткіштердің төмендігіне жауап беретінін атап өтті. «Берілетін несие ресурстарына бақылау күшейеді. Бұл  мемлекеттің жай қолдауы ғана емес. Бұл облысқа көбірек инвестиция тартуға мүмкіндік. Оның басты бағыттарының бірі бау-бақша саласын дамыту», - деді облыс әкімі.