Қырғызстандағы сайлау: Алмазбек Атамбаев кімге дауыс берді?

Қырғызстандағы сайлау: Алмазбек Атамбаев кімге дауыс берді?

Қырғызстандағы сайлау: Алмазбек Атамбаев кімге дауыс берді?
ашық дереккөзі
№47 түзету колониясында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мерзімінен бұрын президент сайлауына және республикадағы басқару нысаны үшін референдумға қатысты, – деп жазды Tengrinews.kz. Бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты Замир Жоошевтің айтуынша, процесс 9 қаңтарда №47 СК-де мерзімінен бұрын дауыс беру аясында өтті.
«Алмазбек Атамбаев бұл сайлауда Президенттікке үміткерлердің ешқайсын қолдамады. Қалыс қалды. Яғни, жәшікке таза бюллетень салды», – деді ол.
Сондай-ақ, Атамбаев парламентаризмге дауыс бергені айтылды.