Қазгидромет: бірқатар өңірде ауа райы жылынады

Қазгидромет: бірқатар өңірде ауа райы жылынады

Қазгидромет: бірқатар өңірде ауа райы жылынады
ашық дереккөзі
Дүйсенбі ауа температурасы жылынады, алайда тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болып, боран соғуы ықтимал, – деп хабарлады Қазгидромет. 11 қаңтарда жылы және ылғалды Атлант циклонына байланысты ауа температурасы жоғарылайды, сонымен қатар республиканың солтүстігінде басым бөлігінде, орталығында кей жерлерде қар жауады, батыс пен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерінде тұман түседі, жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, желді күшейіп 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.