Демократия институты сауалнамасы бойынша «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді

Демократия институты сауалнамасы бойынша «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді

Демократия институты сауалнамасы бойынша «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді
ашық дереккөзі

Демократия институты 10  қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72% пайыз дауысын иеленді.

Демократия институты 10  қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама – Еxit poll жүргізді. Институт директоры Татьяна Башаринаның айтуынша, оның нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясына сайлаушылардың 72%, «Қазақстанның Халық партиясына» 9,54%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына- 4,93%,  «Ақ жол» демократиялық партиясына 10,2%, «ADAL» саяси партиясына 3,25% дауыс берген. «Демократия инстутының» интервьюерлері 500 сайлау учаскесінде Еxit poll жүргізген. 20 мың адамнан сауалнама алынған. Сауалнама қателігі 2,5 пайыз шамасында.