Еxit poll: ҚР Парламенті және мәслихаттар депутаттарының сайлау қорытындысы шықты
Еxit poll: ҚР Парламенті және мәслихаттар депутаттарының сайлау қорытындысы шықты
ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын иеленді деп хабарлайды «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты.
«Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Институттың интерверлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Оның ішінде - 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, аудандық маңызы бар қалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманының 4 толқыны өткізілді. Нәтижесінде 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервер атсалысты», - деді «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.