Жаңалықтар

Сайлау комиссиялары дауыс санауды бастады

ашық дереккөзі

Сайлау комиссиялары дауыс санауды бастады

Республикамызда сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Сайлау комиссиялары дауыс санауды бастады. Ал шет мемлекеттердегі Қазақстан азаматтары үшін құрылған 42 сайлау учаскесінде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Оның айтуынша, республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Ал республика аумағындағы уақыт белдеуінің шекарасына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды. «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытмен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін дауыс берушілер тізіміндегі сайлаушылардың 63,3 %-ы алды», – деді ол. Сайлау бюллетенін алғандарды өңірлер бойынша жіктесек, төмендегідей картина шығады: Ақмола облысы бойынша – 72,8 % Ақтөбе облысы бойынша –  58,8 % Алматы облысы бойынша – 73,5 % Атырау облысы бойынша –  56,4 % Батыс Қазақстан облысы бойынша –  62,4 % Жамбыл облысы бойынша – 72,2 % Қарағанды облысы бойынша –  70,7 % Қостанай облысы бойынша –  71,8 % Қызылорда облысы бойынша –  73,9 % Маңғыстау облысы бойынша –  55,0 % Павлодар облысы бойынша –  71,3 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 % Түркістан облысы бойынша –  65,8 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 % Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –  45,1 % Алматы қаласы бойынша –  30,3 % Шымкент қаласы бойынша –  56,5 % Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы күні бойы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын   ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы деректерін ұсынды.