Ел ішіндегі сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы

Ел ішіндегі сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы

Ел ішіндегі сайлаушылардың 63,1 пайызы дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін ел ішіндегі электораттың 63,1 % сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетенін алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина хабарлады. Электораты ең белсенді өңір ретінде Солтүстік Қазақстан облысы алға шықты. Бұл өңірдегі сайлаушылардың 75 пайыздан астамы сайлау учаскесін барды.     width=
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін  сайлаушылардың 63,1 % алды», – деді Сәбила Мұстафина ОСК-ның арнайы брифингінде.
Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша – 72,8  % Ақтөбе облысы бойынша –  57,7 % Алматы облысы бойынша –  73,5 % Атырау облысы бойынша – 55,5  % Батыс Қазақстан облысы бойынша –  61,5 % Жамбыл облысы бойынша – 72,2  % Қарағанды облысы бойынша –  70,7 % Қостанай облысы бойынша –  71,8 % Қызылорда облысы бойынша – 72,7  % Маңғыстау облысы бойынша –  54,0 % Павлодар облысы бойынша –  71,3 % Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –  75,5 % Түркістан облысы бойынша –  65,8 % Шығыс Қазақстан облысы бойынша –  72,4 % Нұр-Сұлтан қаласы бойынша –  45,1 % Алматы қаласы бойынша –  30,3 % Шымкент қаласы бойынша –  56,5 % электорат дауыс берді. Келесі шұғыл ақпарат сағат 22.00-де баяндалады.