Бақытжан Тойғараев: Бұл сайлауда жақсы жағынан өзгерістер көп

Бақытжан Тойғараев: Бұл сайлауда жақсы жағынан өзгерістер көп

Бақытжан Тойғараев: Бұл сайлауда жақсы жағынан өзгерістер көп
ашық дереккөзі
Түркістан қаласындағы Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектеп ғимаратында орналасқан №107 сайлау учаскесінің бақылаушысы Бақытжан Тойғараев биыл өтіп жатқан сайлауда жақсы жағынан өзгерістер көп екенін айтады.
Жалпы, халықтың сайлауға атсалысуы жақсы. Жалындаған жасынан бастап, егде тартқан үлкеніне дейін белсенділік танытып жатыр. Негізі, бұл сайлау – еліміздің тағдырын шешетін нақты қадам. Сол себепті бұқара халық бұл сайлауға саналы түрде келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Биылғы сайлау расымен де өзгеше. Праймериздің әсері ме, әлде кандидаттар партиялар атынан сынға түсетін болғандықтан ба, бұл сайлауда жақсы жағынан өзгерістер көп.
Бақылаушы міндеті жүктелген соң, өзіміз әрі өзге үшін де әділ болайық деп, таңнан бері барлық процесті бақылауда ұстап отырмыз. Пандемияға байланысты бір-бірімізден бір жарым метр алшақ отырмыз.