Жаңалықтар

Қостанай облысындағы сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы

ашық дереккөзі

Қостанай облысындағы сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берді – Орталық сайлау комиссиясы

Электораттың 58,2% сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру бюллетень алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев  хабарлады. Электораты ең белсенді өңір Қостанай облысы болып отыр. Аталған облыстағы сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс берген.     «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін  сайлаушылардың 58,2% алды», – деді Ерлан Дауылбаев ОСК-ның арнайы брифингінде.