Жаңалықтар

Петропавл қаласында заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды

ашық дереккөзі

Петропавл қаласында заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды

Петропавл қаласында фото және видеобақылау жүргізіп, заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды. Бұл туралы Сайлауды бейпартиялық байқау орталығындағы кезекті брифингте орталық басшысы, Қазақстан Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева мәлімдеді.   «Сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар да болды. Мысалы, Петропавл қаласындағы No587 сайлау учаскесінде (№10 мектеп) «МИСК» қоғамдық қорының «Жас сайлаушылар лигасының» өкілі сайлау учаскесінде фото және видео бақылау жүргізді, ал мұндай әрекетке заңда тыйым салынған. Ол ескертулерге қарамастан,  дауыс беру процесі туралы дауыстап түсініктеме беру арқылы басқа бақылаушылардың жұмысына кедергі келтірді. Ашуланған бақылаушылар МИСК бақылаушысының әрекетіне байланысты акт толтырып, сайлау комиссиясы төрағасынан  заң бұзушылықты тоқтатуды сұрады. Нәтижесінде, МИСК бақылаушысы сайлау учаскесінен шығарылды», – деді Бану Нұрғазиева. Ол осы оқиғалардың барлығы сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпейтіндігіне қарамастан,  барлық азаматтарға сайлау заңнамасын қатаң сақтап, сайлау учаскелеріндегі арандатушылық пен мен заң бұзушылықтың алдын-алу туралы өтініш жасады.