Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді – Орталық сайлау комиссиясы
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді – Орталық сайлау комиссиясы
Электораттың 52,5% сайлау учаскесіне келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. Өңірлер арасында Жамбыл облысының сайлаушылары белсенді болып отыр. Аталған облыстағы дауыс беру құқы бар тұрғындардың 63,4 % сайлау учаскесіне келген.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетенін айлаушылардың 52,5% алды», – деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
Ақмола облысы бойынша – 56,9%
Ақтөбе облысы бойынша – 45,6%
Алматы облысы бойынша – 58,0%
Атырау облысы бойынша – 45,6%
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 53,5%
Жамбыл облысы бойынша – 63,4%
Қарағанды облысы бойынша – 58,8%
Қостанай облысы бойынша – 62,4%
Қызылорда облысы бойынша – 60,9%
Маңғыстау облысы бойынша – 43,3%
Павлодар облысы бойынша – 57,8%
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 62,4%
Түркістан облысы бойынша – 53,6%
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 62,0%
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41,1%
Алматы қаласы бойынша – 25,3%
Шымкент қаласы бойынша – 49,2% сайлаушы дауыс берген.