Құрбанбек Мырзабеков: Жасы үлкен қариялар өздері келіп дауыс беріп жатыр

Құрбанбек Мырзабеков: Жасы үлкен қариялар өздері келіп дауыс беріп жатыр

Құрбанбек Мырзабеков: Жасы үлкен қариялар өздері келіп дауыс беріп жатыр
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы №83 сайлау учаскесінің бақылаушысы Құрбанбек Мырзабеков бұл сайлауда жастар ғана емес, қарт кісілер де белсенділік танытып жатқаны туралы айтты. – Жалпы айтқанда, сайлау жақсы өтіп жатыр. Халықтың да көңіл-күйі көтеріңкі. Сайлау учаскелері ауысқан бірлі-екілі адамдар жөн сұрап келіп жатыр, ал басқа түсінбестік орын алған жоқ. Ешқандай тәртіп бұзу тіркелмеді. Дауыс беріп жатқан жасы үлкен қарт адамдарға, тұңғыш рет сайлауға қатысқан жастарға сыйлық ретінде Абайдың кітабын беріп жатырмыз. Сағат 11-лерге дейін халықтың қарасы көп болды, одан кейін сәл саябырсып қалды. Бірақ сағат 5-тердің кезінде дауыс берушілер саны көбейеді деп болжап отырмыз. Бірақ, халықтың белсенділігі жақсы. Тіпті, қариялардың да құлшынысы жоғары болып отыр. Жасы үлкен, қарт кісінің дауысын алу үшін сайлау комиссиясын жібермек болдық. Бірақ үлкен кісі ұсынысымыздан бас тартып, өзі келіп дауыс беретінін айтты. Солайша, жасы үлкен қариялар бұл сайлаудың мән-маңызын жастарға ұғындырып жатыр.