Сайлауға халық жақсы қатысып жатыр, ешқандай құқықбұзушылық, наразылық жоқ

Сайлауға халық жақсы қатысып жатыр, ешқандай құқықбұзушылық, наразылық жоқ

Сайлауға халық жақсы қатысып жатыр, ешқандай құқықбұзушылық, наразылық жоқ
ашық дереккөзі

 width= «Ақтөбе қаласы №76 орта мектебінде орналасқан 97 сайлау учаскесінде сайлаушылар парламент сайлауына белсенді қатысып жатыр», – дейді Nur Otan партиясының бақылаушысы Қобылан Жылқыбаев. Бақылаушының айтуынша, №97 сайлау учаскесі арқылы дауыс беруі тиіс халықпен сайлаудың маңыздылығы жайында жақсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Соның арқасында сайлаушылардың түгелге жуығы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасайтынын айтқан. Дәл қазіргі кезде де сайлаушылар келіп, дауыс беру үдерісі бірқалыпты өтіп жатыр. Біздің «Сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде қандайда бір құқықбұзушылық орын алған жоқ па немесе сайлау процесін өз көзімен көргісі келген БАҚ өкілдері қандай бір кедергілер үшін наразылық білдірмеді ме?» сұрағымызға бақылаушы Қобылан Жылқыбаев: «Әзірше ешқандай құқықбұзушылық байқалған жоқ, сондай-ақ, қандайда бір мәселе жөнінде дау шығарып, арандату әрекетін жасағандар кездеспеді. Сонымен бірге, біздің сайлау учаскемізге БАҚ өкілдері келген жоқ. Келген жағдайда сайлау барысын көруге ешқандай кедергі болмайды. Қазірге дейін сайлаушыларымыздың 30 пайыздайы дауыс берді. Олардың арасында жастарда, орта жастағылар да, үлкен кісілер де бар. Жүз пайыз болмаса да, тоқсан пайыздан аса сайлаушыларымыз келіп өз таңдауын жасайды деп сенеміз», – деп жауап берді. Аталған учаскеде сайлаушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Бақылаушылар сайлау процесін сергек бақылап тұр.