«Жастардың белсенділігі жоғары» – Қадырбек Бөрібеков, тәуелсіз бақылаушы

«Жастардың белсенділігі жоғары» – Қадырбек Бөрібеков, тәуелсіз бақылаушы

«Жастардың белсенділігі жоғары» – Қадырбек Бөрібеков, тәуелсіз бақылаушы
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы №92 сайлау учаскесінде сайлау қалай өтіп жатыр? – Иә, мен Елордадағы 92 сайлау учаскесінде бақылаушымын. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары, қазір адамдардың көптігі сондай олар кезекке тұрып дауыс беріп жатыр. Сайлау учаскесінің төрағасы да тұрақты осы жерде, жалпы сайлаудың ұйымдастыру деңгейі өте жақсы. – Санитарлық нормалар сақталып жатыр ма? – Сайлау барысында санитарлық талаптар дұрыс сақталып отыр.  Сайлауға келгендер арнайы тексеруден өтіп жатыр. Дауыс берушілердің барлығы маска таққан, арнайы мамандар келушілердің дене температурасын өлшеп, ара қашықтықтың 1,5 метрден жақын болмауын қадағалап жатыр. Жалпы халықтың көңіл-күйі жақсы екенін байқадық. – Дауыс берудің алғашқы нәтижелері қандай? – №92 сайлау учаскесінде жалпы саны 3 067 сайлаушы тіркелген. Таңертеңгі сағат 7:30-да 80 сайлаушы дауыс берген. Сағат 9:00де 287 сайлаушы дауыс берсе, ал 10:00-де 753 сайлаушы өз таңдауын жасап, дауыс берді. Сағат 10:00-ден бастап сайлаушылар саны арта түсті. – Сайлау барысында заң бұзушылық жағдайлар орын алды ма? – Сайлау заң аясында өтіп жатыр. Әзірге тәртіпсіздік және заңбұзушылық жағдайы болған жоқ, бәрі тыныш. Учаскеде сайлауға қатысып жатқан барлық партия бақылаушылары отыр. Сайлау барысын бақылайтын бақылаушылар пандемияға байланысты арнайы әйнекпен бөлінген аймақта отыр. – Жастардың дауыс берудегі белсенділігі қандай? –  Нұр-Сұлтан қаласының сайлаушылары, әсіресе жастар жағы осы сайлауда белсенділік көрсетеді деп ойлаймын. Өйткені осы сайлауда сайланатын депутаттардың 30%-ы жастар мен әйел азаматтар деп белгіленген. Еліміздің болашағы жастар деп көп айтатын сөздің шынайы көрінісі іс жүзінде жүзеге асса дейміз.