Жаңалықтар

TAZA SAILAU: Бақылаушылар сайлаушылардың белсенді екенін алға тартуда

ашық дереккөзі

TAZA SAILAU: Бақылаушылар сайлаушылардың белсенді екенін алға тартуда

Алматыда «TAZA SAILAU» тәуелсіз бақылаушылар азаматтық қозғалысының баспасөз брифингі өтті. Онда Жанна Ахметова, Эдуард Полетаев, Бигелді Ғабдуллин және Ерқанат Көпжасар бүкіл ел бойынша тәуелсіз бақылаушылардың жұмысын ұйымдастыру және оның барысы туралы айтып берді. Журналист Мақат Садық Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн қосылды. «Өздеріңіз білетіндей біз «TAZA SAILAU» атты тәуелсіз бақылаушылар тобын Парламент сайлауынан екі ай бұрын құрдық. Біршама жұмыс жасалды. Мысалы, Алматыда бір күндік семинар өткізіп, соған ірі 25 қаланың өкілдері қатысты. Олар заң, саяси жағынан қажетті білім алды, басқа да көмектер көрсетілді. Жалпы Қазақстан бойынша 5000 бақылаушы дайындап, олардың бәрі осы сайлауда қызмет атқарады. Олар бүгін 3200 сайлау учаскесінде бақылаушы ретінде жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар саясаткер мектебін ашып, бақылаушылардың саяси мәдениетін көтеруге де үлес қостық», – деді қоғам қайраткері Бигелді Ғабдуллин.