Мария Болатайқызы: Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының белсенділігі жоғары

10 қаңтар, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Мария Болатайқызы: Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының белсенділігі жоғары Елордадағы сайлау науқаны да қыза түсті. Халық таңертеңнен өз дауысын беріп, таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне ағылып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы № 93 сайлау учаскесінің бақылаушысы Мария Болатайқызы жұмыс барысы, сайлау процесі қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.  – Біздің сайлау учаскемізде дауыс беруге бірінші болып жасы үлкен адамдар келді. Оларға Абайдың кітабын сыйға бердік. Санитарлық нормалардың барлығы сақталған. Осы тұста Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне алғыс айтқым келеді. Қай жағынан болмасын дайындық өте жақсы жүргізілген. Қоғамдық көліктер тегін жүріп жатыр. Сайлауға келушілердің қарасы қалың, сондықтан Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының белсенділігі өте жоғары деп сенімді түрде айта аламын.