Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының құлауына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. – Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын, – делінген жеделхатта.