Рысжан Аязбаева: Бәрімізде – мерекелік көңіл-күй

Рысжан Аязбаева: Бәрімізде – мерекелік көңіл-күй

Рысжан Аязбаева: Бәрімізде – мерекелік көңіл-күй
ашық дереккөзі
Таңертең басталған сайлау науқаны қазір қыза түсті. Аймақтағы белсенділік те өте жоғары. Осыған орай Талдықорған қаласы, №974 сайлау учаскесінің бақылаушысы Рысжан Аязбаевадан сайлау процесінің қалай өтіп жатқаны туралы білген едік. – №974 сайлау учаскесінде жұмыс таңғы 6:00-де, Әнұранмен басталды. 7:00-де ең алғашқы адам дауыс берді.  Барлық санитарлық нормалар сақталған. Менің есебімше, қазір учаскеге келіп, дауыс бергендердің саны 200-ден асты.  width= Ең бірінші дауыс берген сайлаушыға сыйлық берілді. Бірінші рет дауыс беріп жатқан ең жас сайлаушыларға онымен қоса, ең жасы үлкен адамға сыйлықтар беріледі. Бәрімізде – мерекелік көңіл-күй. Ешқандай заң  бұзу, тәртіп бұзу болған жоқ. Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр.