ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев дауыс берді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев дауыс берді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев дауыс берді
ашық дереккөзі
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы №79 мектеп-лицейде орналасқан №126 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін еліміз үшін айрықша сәт деп ойлаймын. Халқымыздың ең асыл мұраты – Тәуелсіздікті нығайту жолында мақсатымыз, сондай-ақ өскелең ұрпақ алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Халқымыз осындай маңызды сәтте ынтымағы мен бірлігін көрсетеді деп ойлаймын. Әлемде қоғамды жік-жікке бөлген әрқилы оқиғалар болып жатыр. Осы сайлау – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, Тәуелсіздік жолында ең ізгі қасиеттерімізді көрсетеді деген ойдамын», – деді Қырымбек Көшербаев.