Шымкентте алғашқы болып дауыс бергендерге Абайдың кітабы сыйға берілді

Шымкентте алғашқы болып дауыс бергендерге Абайдың кітабы сыйға берілді

Шымкентте алғашқы болып дауыс бергендерге Абайдың кітабы сыйға берілді
ашық дереккөзі
Шымкенттегі сайлау науқанында азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген бірінші сайлаушыларға Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған кітапты сыйға тарту етілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жалпы саны 312 сайлау учаскенің барлығында алғашқы келген сайлаушыға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері жазылған кітапты сыйға  берілді. Солардың бірі болып хакім Абайдың кітабын Бауыржан Дарбеков иеленді.  width= –Сайлау науқаны кезінде ұлы ақынның кітабын сыйлыққа алудың өзі бір мәртебе екен. Қуанып қалдым. Осы ретте сайлауға келіп, дауысымызды беруіміздің өзі еліміздің дамуына үлес қосу деп білемін, – деп ыстық ықыласын жеткізді Бауыржан Дарбеков. Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша 617 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Олардың ішінде өз таңдауын жасауға алғаш келген қала тұрғындары ұлы Абайдың кітабын алып, олжалы қайтты.