Қазақстанның 12 өңірінде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті

Қазақстанның 12 өңірінде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті

Қазақстанның 12 өңірінде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті
ашық дереккөзі
Еліміздің 12 өңірінде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов хабарлады.
 «Облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 7-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Сонымен қатар 12 шет мемлекеттегі ҚР өкілдіктері жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды», – деді ол.
Сондай-ақ, ол елімізде жалпы саны 10 060 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін, соның ішінде 66 сайлау учаскесі 53 шет мемлекеттердегі өкілдіктер жанында орналасқанын атап өтті. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7-де, яғни, Нұр-Сұлтан уақытымен 8-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, Корея Республикасындағы Елшілік жанындағы сайлау учаскесі өз жұмысын алғашқы болып бастағандықтан, онда оқитын отандасымыз Аделина Алпамыс бірінші болып дауыс берген болатын.