ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Президентінің идеясын қолдайтынын білдірді
ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Президентінің идеясын қолдайтынын білдірді
ТүркПА үйымының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласының халықаралық қатынастардағы өзара сенімді нығайта түсуде маңызы зор екенін айтты.
Халықаралық Түркі академиясы 8 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырған «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» халықаралық конференциясында арнайы баяндама жасаған ТүркПА Бас хатшысы бірқатар шетелдік саясаткерлердің арандатушы мәлімдемелеріне қатысты ойларымен бөлісті: «Бүгінде халықаралық қауымдастық соңғы онжылдықтағы ең өткір сенім дағдарысын бастан өткеруде. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы біздің елдеріміз аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайта түсуге бағытталған бірқатар бастамалар арқылы оңтайлы жауап бере алады.
Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соңғы оқиғалар тұрғысынан шындығында да өте өзекті мәселелерді көтерген әрі Қазақстанның алдағы даму бағдарын айқындай түсетін мақаласын айрықша атап өтуге болады» деді ол.
Айта кету керек, онлайн-оффлайн режимде өткен шараға 20 астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ, түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.