Қырғызстанда интернет бағасы үш есеге қымбаттады

Қырғызстанда интернет бағасы үш есеге қымбаттады

Қырғызстанда интернет бағасы үш есеге қымбаттады
ашық дереккөзі
Қазақстанның провайдерлері Қырғызстандағы интернет тарифін 1,5-3 есеге қымбаттатты. Бұл жөнінде Қырғызстанның байланыс операторлары ассоциациясы мәлімдеді. Қазақстан провайдерлері бағаны өсіретінін алдын ала ескерткен екен. Бірақ себебін түсіндірмеген.
Осыған байланысты Ақпараттық технология және байланыс мемлекеттік комитеті Қазақстанға ресми хат жіберіп, тарифті өсіруінің себебін сұраған. Аталған мекеменің баспасөз хатшысы Назира Турдалиеваның сөздерінше, қандай жағдай болмасын қырғыз тарабы қазақстандық провайдерлердің баға саясатына араласа алмайды. IT саласының эксперті Азамат Аттокуров тарифтің көтерілуін саяси шешім деп есептейді. Оның пікірінше, бұл жағдайға елдің жоғары лауазымды шенеуніктері араласуы керек. «Тарифті өсіруді Қырғызстанның ақпарат қауіпсіздігіне жасалған шабуыл деп атауға болады. Интернет бізге ауадай қажет. Тіптен провайдерлер біріккен күннің өзінде бұл мәселені өз беттерінше шеше алмайды», - деді ол. Қырғызстан 90 пайыз интернет-трафикті көрші Қазақстаннан сатып алады. Егер Қазақстан бағаны қайта қарамаса, Қырғызстанда Қытайдың арзан интернетіне деген сұраныс артуы мүмкін. Алайда Азамат Аттокуровтың сөзінше, қытай интернетінің сапасы қазақ интернетіне қарағанда төмен. Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанда интернетті белсенді пайдаланушылар саны 2015 жылы 4 миллион 750 мыңға жеткен. Желіге халықтың 79 пайызы қосылған.