Димаш Құдайберген АҚШ-тағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ-тағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді. «Мен АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттенемін және сенемін. Сондай-ақ, біздің пікірлеріміз әр түрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек. Біз зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет» деп жазды Димаш. Димаш Құдайберген бұл пікірін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазды және оған қоса ынтымақтастығын бейнелейтін фото жүктеді. Әлеуметтік желіде Димаштың бұл пікіріне әншінің әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйерлері қолдау білдіруде. Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасының 3,4 млн оқырманы бар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)