Ғалымдар коронавирусқа қарсы 2 дәрі ойлап тапты

Ғалымдар коронавирусқа қарсы 2 дәрі ойлап тапты

Ғалымдар коронавирусқа қарсы 2 дәрі ойлап тапты
ашық дереккөзі
Ғалымдар коронавирустың өлімін 25% төмендететін тағы екі дәрі тапты. Бұл туралы ВВС хабарлайды. «Интенсивті терапиядағы 800-ге жуық пациентті қамтыған 6 елде, соның ішінде Ұлыбританияда жүргізілген REMAP-CAP зерттеуі COVID-19 жағдайында көмек алған науқастардың 36%-ы қайтыс болғанын көрсетті. Ал жаңа дәрі-дәрмекті пациенттер қарқынды терапияға түскеннен кейін 24 сағат ішінде берсе, өлім жағдайын 27%-ға дейін азайтты»,–делінген хабарламада. Басылымның хабарлауынша, дәрі-дәрмектер қабынуды азайтады. Дәрігерлерге дексаметазон қабылдағанымен, жағдайы нашарлап, қарқынды күтімді қажет ететін кез-келген COVID науқасына тағайындауға кеңес беріледі.