Алматыда жер сілкінісі болды

Алматыда жер сілкінісі болды

Алматыда жер сілкінісі болды
ашық дереккөзі
Алматыдан 65 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі 9 қаңтарда сағат 09:18-де жер сілкінісін тіркеді. Дүмпулердің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 4.3. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 5 шақырым қашықтықта жатыр. Табиғи құбылыс қанша балл болып сезілгені туралы мәлімет жоқ.