Алматыда жер сілкінісі болды

Алматыдан 65 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық станциялар желісі 9 қаңтарда сағат 09:18-де жер сілкінісін тіркеді. Дүмпулердің эпицентрі Алматыдан солтүстікке қарай 65 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Магнитудасы – 4.3. Жер асты дүмпулерінің тереңдігі 5 шақырым қашықтықта жатыр. Табиғи құбылыс қанша балл болып сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Back to top button