Кандидаттар құрманғазылық жастармен кездесті

Кандидаттар құрманғазылық жастармен кездесті

Кандидаттар құрманғазылық жастармен кездесті
ашық дереккөзі
Құрманғазы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында облыстық мәслихатқа үміткерлер аудан жастарымен кездесті.  Айта кететін нәрсе, карантиндік шектеулерге байланысты кездесу онлайн яғни «Zoom» бағдарламасы арқылы өтті. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихатқа үміткер Ернар Боранғалиев және басқа да кандидаттар аудан жастарымен бірнеше мәселені талқылады. Соның ішінде негізге мәселелердің бірі — «Jastar Otanga» бағдарламасы және партияның алдағы 5 жылға қойған нақты мақсаттары. Жастар да өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді.