Саран жастары Nur Otan партиясына сенеді

Саран жастары Nur Otan партиясына сенеді

Саран жастары Nur Otan партиясына сенеді
ашық дереккөзі
Республикалық сайлауалды штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттығына кандидат Адамбеков Тілектес Серікбайұлы Саран қаласының жастарымен кездесу өткізді. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында жазылған 7 бағыттың бірі жастарға арналған. Бұл бағыттың өзі 5 басымдықтан тұрады. Олар: сапалы білім, қолжетімді баспана, тұрақты жұмыс орнымен қамту, жастарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатыстыру және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. Бұл негіздерге Тілектес Адамбеков жастармен кездесу барысында жіті тоқталып өтті. Кездесу барысында Nur Otan партиясы Саран қалалық филиалы Jas Otan жастар қанатының төрағасы Чагин Антон Олегович үгіт-насихат жұмыстары жөнінде, сонымен қатар қаламызда жастар саясатын іске асыру жөнінде сөз сөйледі. Тілектес Адамбеков кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, еліміздің жетекші партиясы Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды.

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді.