Жаңалықтар

Белсенді жастармен кездесу

ашық дереккөзі

Белсенді жастармен кездесу

«Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев пен Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев іссапармен Қарағанды қаласындағы Qoldau орталығына барып, жастармен кездесу өткізді. Кездесуде сайлауалды жұмыс барысы пысықталды. «Сайлауалды жұмыстар және атқарылып жатқан істермен танысып қайттық. Жасалып жатқан жұмыстарға көңіліміз толды. Еліміздің жастарымен көзбе-көз кездесудің орны бір бөлек. Белсенділер осы қарқыннан тоқтамай, еңбек етіп, өздерін жан-жағынан дамыта беруіне тілекшімін. Бәріңізге алдағы сайлауда сәттілік!», – деді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.