Nur Otan: Маңғыстауда жастармен жүздесті

Nur Otan: Маңғыстауда жастармен жүздесті

Nur Otan: Маңғыстауда жастармен жүздесті
ашық дереккөзі

Бұл туралы Арман Қырықбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Үш жүз алпыс екі әулиенің мекені Маңғыстау өңіріне келдік. Nur Otan партиясы Орталық аппаратының өкілі ретінде сайлауалды штаб қызметкерлерімен, партиялық бақылаушылар тобымен, жігерлі жастармен, өңірдің мәдениет, өнер өкілдерімен кездесулер өткіздік. Бұл – Бауыржан Қыдырғалиұлы бастаған Республикалық сайлауалды штабының жұмысынан бөлектеу, негізінен пысықтау, ұйымдастыру, ағымдағы мәселелерді талқылау жұмыстары екендігін атап айтқым келеді. Маңғыстаудағы барлық жиналыстарымызды өткізіп болған соң, қазақтың аса көрнекті жазушысы, марқұм Әбіш Кекілбайдың ескерткішіне арнайы барып, тағзым еттік. Онан соң сапарымыз Орал қаласында жалғасты. Өңірде үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысын пысықтадық. Бастауыш партия ұйымдарының, штабтың және филиал жұмысымен танысып, бірқатар келелі кездесулер өткіздік. Осы екі өңірдегі халықтың көңіл күйі жақсы, партияға деген сенім нық. Әрине, күнделікті ағымдағы проблемаларсыз тағы болмайды. Дейтұрғанмен, олардың барлығы жүйелі әрі уақытылы шешіле жатар. Жалпы, осы он күннің ішінде Nur Otan партиясының сайлауалды штаб мүшелері еліміз бойынша 7 мыңнан астам кездесу өткізді. «Есіктен есікке» акциясы барысында жасотандықтар 174 мыңнан астам пәтерді аралады. Штабтар жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Кандидаттар мен партияның сенімді өкілдері 2 мыңдай қабылдау өткізіп, оның барысында 8 мыңға жуық адамды қабылдады», – деп жазды.