Көкшетауда зиялы қауыммен кездесу өткізді

Көкшетауда зиялы қауыммен кездесу өткізді

Көкшетауда зиялы қауыммен кездесу өткізді
ашық дереккөзі

Бұл туралы Арман Қырықбаев Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауында болып, өңірдегі үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысын пысықтадық. Қоғамдық пікір көсшбасшыларымен, жасотандықтармен, бақылаушылар тобымен және партияластармен кездесулер өткіздік. «Есіктен есікке» акциясы кезінде тұрғындармен тікелей жүздесіп жүрген жастар – облыс орталығындағы тұрғындардың шамамен 80%-і Nur Otan партиясын қолдайтынын жеткізді. Кездесуге келген жазушы, драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев Ақмола жұртшылығы Елбасының саясатына беріктігін айтып, елдің тілегі тұрақтылық пен табыс, даму екендігін білдірді. Сұлу Көкшеде басталған бұл сапарымыз бүгін жер жәннаты Жетісуда жалғасты. Талдықорғанда да жасотандық жастармен, штаб қызметкерлерімен, партиялық бақылаушылар тобымен кездесулер өткіздік. Қоғам белсенділерімен, өнер майталмандарымен болған басқосуда партия ардагері Наурыз Қылышбаев, қайраткер тұлға, ақын Әрін Әміре сынды ағалар Nur Otan бағдарламасының бағыт-бағдарын талқылады», – деп жазды.