ADAL партиясы ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетпек
ADAL партиясы ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетпек
ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер ШҚО-дағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Приречное ауылында үміткер Алмасбек Садырбаев «Агрофирма «Приречное» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ол партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді және кәсіпорын қызметкерлерінің ұсынысын тыңдады. Кездесуге қатысушыларды, әсіресе кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарламаның міндеттері қызықтырды.
Кәсіпорын қызметкерлері бизнестің дамуын жеңілдететін жаңа жағдайлар жасауды ұсынды. Алмасбек Садырбаев осы орайда өз ойын атап өтті: «Бизнесті қолдау арқылы біз ұлттық экономиканың дамуына үлес қосамыз. Партия кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа шараларын енгізуді қолдайды. Атап айтқанда, біз 2025 жылға дейін салықты арттыруға мораторий жариялауды ұсынамыз. Бағдарламада ауылшаруашылық техникасын лизингке алу шаралары 6%-бен көрсетілді».