Жаңалықтар

«Nur Otan»: Бірлік пен келісім – береке бастауы

ашық дереккөзі

«Nur Otan»: Бірлік пен келісім – береке бастауы

2021 жылы 7 қаңтарда Саран қаласының Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің діни бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге республикалық штаб мүшесі Адамбеков Тілектес Серікбайұлы, облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы және Саран қаласындағы дін және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Кездесуді ашқан «Nur Otan» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтап, еліміздің ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім арқылы жеткен көптеген маңызды жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге арнайы келген қонақтар - республикалық сайлауалды штабтың мүшелерімен таныстырды.