300-ге жуық ақпараттық үгіт материалдары таратылды

300-ге жуық ақпараттық үгіт материалдары таратылды

300-ге жуық ақпараттық үгіт материалдары таратылды
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штабы 10 қаңтарға жоспарланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттары сайлауының үгіт жұмыстарын қорытындыланды. Үгіт кезеңінде атқарылған жұмыстармен БАҚ өкілдерін Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Ләйлә Төрешова таныстырды. 2020 жылдың 10 желтоқсан күнгі сағат 18:00-ден бастап 149 мүшесі бар облыстық, қалалық, аудандық 9 сайлауалды штабтар өз жұмыстарын бастады. Штабтар жанынан үгіт жұмыстарын жүргізу үшін құрылған 9 сайлауалды қоғамдық штабтар жұмыс атқарды. 1128 сенімді тұлғалар үгіт жұмыстарына тартылған. Штабтар жанынан үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылып, қатарында партияның Jas Otan жастар қанатының 456 белсенділері мен партияның жақтастары жұмыс істеген. «Үгіт жұмыстары барысында әрбір елді мекеннің мәселелерін шешуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейтін, 7 басымдыққа топтастырылған 94 нақты міндеттерді қамтитын облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалар сайлаушыларға насихатталып, түсіндірілді. Бүгінде, облыс  аумағында  жастар белсенділермен 240 227  ақпараттық үгіт материалдары таратылды. Үгіт парақтары «Есіктен – есікке» акция аясында әрбір сайлаушының үйіне жеткізілді. Белсенділер халық көп шоғырланатын аумақтарда үгіт парақтарын таратты», – деді Л.Төрешова Облыс бойынша партияның билбордтары мен үгіт материалдары орнатылған. Карантиндік шектеулерге сәйкес үгіт шараларының басым көпшілігі онлайн форматтарда өткен. Үгіт жұмыстары дәстүрлі кездесулерден бөлек «Есіктен есікке», Канвассинг, Экспромт-кездесу ұйымдастырылды. Үгіт-насихат кезеңінде шаралар онлайн және  офлайн өтті. Партияның үгіт жұмыстарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары Мұрат Бахтиярұлы мен Дана Нұржігіт да өз үлестерін қосқан. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың қатысуымен 233 әр түрлі шаралар өткізілген. Сонымен бірге 2020 жылдың 21 желтоқсан күні облысымызда партияның Республикалық сайлауалды штаб өкілдері үгіт жұмыстарын жүргізді. Республикалық сайлауалды штаб құрамындағы 32 партияластарымызбен Қызылорда қаласы мен аудандарда  кездесулер өткізілді. Үгіт жұмыстарынан бөлек сайлауалды штабтар жанынан тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-тілектерін қабылдау жұмыстары да ұйымдастырылды. Осыған орай, аймақтық, аумақтық сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 283 үміткерлердің қабылдаулары өткізілсе, олардың 5-і ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер. Сайлауалды штабтардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1414 азаматтардың түрлі бағыттағы мәселелері тыңдалып, тиісті жұмыстар атқарылған. Қабылдауға келген және халықпен кездесу барысында азаматтар тарапынан білдірілген барлығы 600 ұсыныс-тілектер тіркелген. «Алдағы сайлаудың әділ де, заң аясында өтуіне байқау жүргізу. Осыған орай 10 қаңтар күні облыстағы барлық 376 сайлау учаскелерінде партия атынан 376 сенімді тұлғалар мен 752 байқаушылар жұмыс жасайтын болады. Жалпы біздің мақсатымыз партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей: әрбір азаматқа лайықты өмір қалыптастыру үшін, қиындықты еңсеріп сайлаушыларымызбен бірге жеңіске жету. Сондықтан барлық жерлестерімізді 10 қаңтар күні сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамыз!», – деді облыстық штаб жұмысын қорытындылаған Ләйлә Төрешова.

Nur Otan  партиясы  Қызылорда облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.