Жаңалықтар

«Түркі әлемі: тарихи-мәдени атлас» ғылыми еңбегі жарық көрді

ашық дереккөзі

«Түркі әлемі: тарихи-мәдени атлас» ғылыми еңбегі жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция болып өтті. Бауырлас түркі мемлекеттер тәуелсіздігіне 30 жыл толатын мерейлі меже аясындағы іс-шаралардың бастамасы ретінде ұйымдастырылған алқалы жиынға ТүркПА ұйымының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі кеңесінің алғашқы Бас хатшысы Халил Ақынжы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжанның алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов, Қырғыз Республикасының экс-мемлекеттік хатшысы Османакун Ибраимов, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаман, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Мажарстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михай Галошфай, ҚР Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, Өзбекстан  Сенатының депутаты Азамат Зие, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Әділ Ахметов, Франкфурт университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невская, Татарстан Республикасы А.Халиков атындағы археология институтының директоры Айрат Ситдиков, еліміздегі дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, бауырлас түркі елдері Ұлттық ғылым академияларының басшылары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркия, Ресей, АҚШ, Италия, Моңғолия, Германия және тағы басқа мемлекеттерде қызмет ететін танымал түркітанушы ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Қырғыз Республикасының экс-мемлекеттік хатшысы Осмонакун Ибраимов түркі әлемі және ХХІ ғасырдағы геосаяси қатерлер жайында жан-жақты баяндап, осы орайда «Түркі әлемі» атласының жарық көруі маңызды қадам екеніне тоқталды. Ал Франкфурт университетінің профессоры, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесі филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невская конференцияға қатысушыларды түркі мемлекеттерінің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, жаңа басылып шыққан Атласқа жоғары бағасын берді. Сонымен қатар ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің таралуының негізгі ерекшеліктері мен географиясы туралы баяндап берді. Татарстан Республикасы А.Халиков атындағы археология институтының директоры Айрат Ситдиков түркі халықтарына қатысты  ортағасырлық ескерткіштердің қазіргі зерттелу мәселелерін жан-жақты баяндап, соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Сондай-ақ,  өзге бауырлас елдердегі ғалымдармен әріптестік байланыстар мен бірлескен жобалардың тиімділігі жоғары екенін айтты.