Қырғызстанның экономика министрі қазақстандық полицейлерге алғыс айтты

Қырғызстанның экономика министрі қазақстандық полицейлерге алғыс айтты

Қырғызстанның экономика министрі қазақстандық полицейлерге алғыс айтты
ашық дереккөзі
Қырғызстанның экономика министрі Санжар Муканбетов Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атына алғыс хатын жолдады, деп жазады Polisia.kz. Санжар Муканбетов қырғызсатндық ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Актилек Арзыбековке көмек көрсеткені үшін Павлодар облысы полиция департаментінің жеке құрамына алғыс атқан. Ер адам қатты аязда Шідерті ауылы маңындағы тас жолда тұрып қалған. "Полиция қызметкерлері Жақсылық Байысбеков, Азамат Шақшабаев және Руслан Верещак көрсеткен кәсіби және жеке қасиеттер адам өмірін құтқару міндетін абыроймен және адамгершілікпен орындауға мүмкіндік берді", - дейді Қырғызстанның Экономика министрі жазған хатында. Сонымен бірге ол қызметкерлерді жаңа 2021 жылмен құттықтап, мықты денсаулық пен күш-қайрат тілеген.