Жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер үйінде 3 қап есірткі сақтаған ер адамды ұстады

ашық дереккөзі

Жамбылдық полицейлер үйінде 3 қап есірткі сақтаған ер адамды ұстады

Жамбыл облысында полицейлер үш қап есірткі сақтаған ер адамды ұстады деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабековтың хабарлауынша, 1 қаңтарда ведомство қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның үйіндегі сарайына тінту жүргізу кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 граммды құрайтын үш қап “кептірілген марихуана” есірткі заты табылған. Күдікті өз кінәсін мойындап, Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.