Жаңалықтар

2 адам жарақаттанды: ШҚО-да рөлге ие бола алмаған жүргізуші ғимаратқа соғылды

ашық дереккөзі

2 адам жарақаттанды: ШҚО-да рөлге ие бола алмаған жүргізуші ғимаратқа соғылды

Шығыс Қазақстан облысында автокөлік жүргізушісі рульге ие бола алмай техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратына соғылған.  ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 қаңтарда сағат 13:00 шамасында Алтай қаласында болған. Toyota көлігінің жүргізушісі Матросов көшесінде рульге ие бола алмай, техникалық қызмет көрсету станциясы ғимаратына соғылды. Сол кезде станция есігінің алдында 2 адам тұрған. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған азаматтар бірден медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта Алтай қалалық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары бірқатар сараптама тағайындаған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.