Мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық қажеттілігін қамтамасыз ету көзделді

Мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық қажеттілігін қамтамасыз ету көзделді

Мүмкіндігі шектеулі жандардың барлық қажеттілігін қамтамасыз ету көзделді
ашық дереккөзі
Петропавлда Nur Otan партиясынан депутаттыққа кандидаттар мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Партияның сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар шаралар қарастырылды. Кездесуге қатысқан тұрғындарға маңызды бағыттың осы және өзге де аспектілері туралы айтылды. –  Nur Otan партиясы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның барлық нысандарын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін толық әрі кешенді бейімдеуге қол жеткізетін болады. Сондай-ақ, біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жыл сайын арбалармен, протездермен, тифлотехникалық құралдармен және шипажай-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз, – деді Петропавл қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат Кеңес Мұқышев. Кездесу барысында 9 мың қала тұрғынына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеңілдікпен жол жүру қарастырылғаны  айтылды.  Бұл жеңілдік тұрғындардың 12 санатына жасалады. Сондай-ақ, партия бағдарламасында 2021 жылдан бастап әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын ашу қарастырылған. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға үйден шықпай-ақ онлайн-режімде көмекші, компенсаторлық құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

 Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді