Білім беру: бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлауға баса назар аудару қажет

Білім беру: бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлауға баса назар аудару қажет

Білім беру: бәсекеге қабілетті инженерлерді даярлауға баса назар аудару қажет
ашық дереккөзі
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында «Үлбі» металлургия зауытының еңбек ұжымымен кездесті. «Үлбі» – атом энергетикасы, электрондық, металлургия өнеркәсібі және басқа да салаларға қажет уран, бериллиева, тантал және ниобий өнімдерін өндіруші әлемге әйгілі кәсіпорын, 4 мыңнан астам адам еңбек етеді. «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Шығыс Қазақстан металлургтеріне партияның «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Ол ҮМЗ еңбек ұжымы күрделі жағдайда уран, тантал, ниобий өндірісі бойынша әлемдік нарықта көшбасшылықты сақтай алғанын атап өтті. Азат Перуашевтің пікірінше, атом өнеркәсібі кәсіпорнын одан әрі дамыту үшін өндіріс саласында жұмыс жасайтын қазақстандық жастарды тәрбиелеу керек. Оған қол жеткізудің бірегей жолы – еліміздің университеттерінде бәсекеге қабілетті инженерлік білім алу мүмкіндіктеріне үлкен назар аудару.  width= Кездесу барысында қатысушылар өздерін мазалаған қазіргі Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық саясатының өзекті мәселелері бойынша көптеген сұрақтарға жауап алды. «ҮМЗ» АҚ басшылығы Азат Перуашевке уран, тантал және ниобий нарығының жай-күйі мен даму үрдісі, тантал және ниобий өнімін өндіру технологиясының дамуы, жекелеген кен орындарында шикізат өндіру және жеткізудің сенімділігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, өскемендік «атомшылар» «Ақ жол» партиясына және оның төрағасы Азат Перуашевке бірегей өндірісті заңнамалық деңгейде қолдауға нақты көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.