«Nur Otan» кандидаттары ардагерлердің батасын алды
«Nur Otan» кандидаттары ардагерлердің батасын алды
«Nur Otan» партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Жаңатас қаласының тұрғындарымен кездесті.
«Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев, жеке кәсіпкерлер – Талғат Түсіпбеков пен Фархат Шайымқұлов канвассинг форматында халықтың өтініш-тілегіне құлақ түрді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның басым бағыттарын жан-жақты түсіндірді.