«Nur Otan» кандидаттары ардагерлердің батасын алды

«Nur Otan» кандидаттары ардагерлердің батасын алды

«Nur Otan» кандидаттары ардагерлердің батасын алды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Жаңатас қаласының тұрғындарымен кездесті. «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Есмұрзаев, жеке кәсіпкерлер – Талғат Түсіпбеков пен Фархат Шайымқұлов канвассинг форматында халықтың өтініш-тілегіне құлақ түрді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, оның басым бағыттарын жан-жақты түсіндірді.  width= Аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер – Мұратбек Есмұрзаев, Самат Серікбаев, Аида Боханова, Фархат Шайымқұлов канвассинг, экспромт, «Есіктен есікке» акциясы аясында Сарысу ауданы орталығынан шалғайда жатқан Шағалалы, Көкдала елдімекендеріне барып, аға буын өкілдерімен кездесті. Олардың үйіне барып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мақсат-міндетін айтып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 10 қаңтар күні өтетін саяси науқанға бір кісідей атсалысып, халықтың сүйікті партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Ардагерлер үміткерлерге ізгі тілегін білдіріп, батасын берді.
Nur Otan партиясының Жамбыл облысы Сарысу ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді