Министрлік аудармашылардың ақысын неге бермей отыр?

Министрлік аудармашылардың ақысын неге бермей отыр?

Министрлік аудармашылардың ақысын неге бермей отыр?
ашық дереккөзі
«Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы аталған жо­баның жұмысын тоқтатып, қызметкерлерін қысқартуға мәж­бүр болып отырғанын мәлімдеді.
 «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы мазмұндық жағынан аяқталды. Әлемнің ең жақсы деген 100 оқулығы қазақ тіліне аударылды, әрқайсысы 10 мың данамен басылып, еліміздің барлық жоғары оқу орындарына жеткізілді. Оқулықтардың электронды нұсқаларын OpenU.kz порталынан еркін оқуға болады. Олардың негізінде дайындалған 200 видеокурс та аталған порталда ашық тұр», – Р.Кенжеханұлы.
Оның айтуынша,  «Ұлттық аударма бюросы» мемлекет алдындағы міндетін толық орындады. Аударма мен баспа сапасына, кітаптарды жеткізу мерзіміне қатысты ешқандай шағым жоқ. Алайда, Білім және ғылым министрлігі жұмысты қабылдамай, ақысын төлемеген. Осыған байланысты аударма бюросы министрлікті сотқа берді. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, «Ұлттық аударма бюросы» ондаған шетелдік автор мен құқық иеленуші баспалар, бірнеше ірі баспахана және бәрінен бұрын жүздеген аудармашы мен редакторларға қаражат берешек екен.
«Еліміздегі заңның билігі, соттың адалдығы рас болса, сөзіміз расталып, еңбегіміз өтелуі тиіс. Оған кәміл сенеміз», – дейді Р.Кенжеханұлы.

Әділ БАЙБОЛ