Талғат ТЕМЕНОВ: Халыққа қиянат, тарихқа күйе жағуды қою керек

Талғат ТЕМЕНОВ: Халыққа қиянат, тарихқа күйе жағуды қою керек

Талғат ТЕМЕНОВ: Халыққа қиянат, тарихқа күйе жағуды қою керек
ашық дереккөзі
– 30 жыл дегеніміз – тарих үшін теңіздегі тамшыдай ға­на уақыт, алайда мәдениет үшін ұшан-теңіз кеңістік, үлкен арақашықтық. Ең алдымен, 30 жылда мәдениетіміз қазақыланды. Бұрынғы кеңестік дәуірде кез келген концертте, жиын-тойда орысша өлең айтатынбыз. Ән­шілері­міз де орысша әндерді көп шырқайтын. Осы тұр­ғыдан қарағанда, қазақ өнері қазақыланды. Екіншіден, әрине қазақ тілінің аясы кеңейді. Ана тілімізде жазылған басылымдар көбейді. «Еларна», «Домбыра», «Той Думан», тіпті діни арналарға дейін қазақ тілінде сөйлеп отыр. Үшін­шіден, кеңселер баяғыда орысша аталушы еді, қазір тек қазақ тілінде жазылады. Бұл баспасөздің қаза­қыланғаны. Осы жылдары  қазақ театрларының саны да, сапасы да өсті. Бұрын қазақ театры 5-6 облыста ғана болса, бүгін­де Қазақстанның барлық өңірінде қазақ театрлары салын­ды. Қазақ өнері алға дамыды. Астана опера, Қ.Қуанышбаев театры секілді ғимараттардың болуы – Тәуелсіздігіміздің жетістігі. Облыс орталықтарында түгел қазақ театры бар. Шымкент, Қарағанды, ШҚО сынды кейбір өңірлерде бірнеше театр ашылған. Облыстық дәрежедегі жастар теат­ры, әзіл-сықақ театрлары, драма театрлары, орыс-қа­зақ театрлары, опера театрларымен мақтана аламыз. Кино саласында да көптеген өзгерістер болды. Кеңес­тік кезеңде Мәскеуден келген оншақты фильмге телмірсек, қазір киноға кеңестік кезеңге қарағанда әлдеқайда мол қаржы бөлінеді. Бұл – 30 жылдағы жетістіктеріміздің бірі ғана. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында ұлан-байтақ жерімізге көз алартатын сепаратистер көп еке­нін айтты. Қатардағы адамдар емес, Ресей Думасының де­путаттары ар-ожданымыз бен ашуымызға тиіп жатыр. Бұл – тарихты бұрмалау, халыққа ғана емес, тарихқа күйе жағу. Бұл – арсыздықтың белгісі. Осы орайда Прези­дентіміз тарихи киноларды көптеп түсіру керек деді. Қол­даймын. Өйткені қазақ халқының тарихы 1465 жылы Керей мен Жәнібектен басталмайды, одан ары сақтар, ғұн­дар заманына жалғасады. Қаңлы, керей, меркіт, най­мандардың барлығы – көне рулар. Біздің тарихымыз – көне тарих. 70 жыл бойы большевиктердің қыликөз, қитар­көз, алакөз саясатының кесірінен қазақ халқы оқымаған, білімсіз, 1917 жылдан кейін ғана халық болды деген жалған үгіт-насихат жүрді. Бізге тарихты, тілін, ділін, дінін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын дәріптейтін кино­лар керек. Мұқағалиша айтқанда, біз өнер адамдары ретінде қазақтың күпі киген тарихын халыққа шекпен жауып қайтаруға тиіспіз.