Коронавирусқа қарсы екпе салдырған дәрігер қайтыс болды

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған дәрігер қайтыс болды

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған дәрігер қайтыс болды
ашық дереккөзі
АҚШ-та Pfizer вакцинасын салдырған дәрігер екі аптадан кейін қайтыс болды, - деп жазды РИА Новости. Басылым мәліметінше, қайтыс болған дәрігердің әйелі Хайди Некельман жолдасы 56 жастағы Грегори Майкл 18 желтоқсанда вакцина салдырып, 16 күннен соң қайтыс болғанын айтқан. «Меніңше, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты. Басқа нұсқа жоқ», – дейді Некельман. Оның айтуынша, Майкл салауатты өмір салтын ұстанған, темекі шекпеген, алкогольді сусындарды өте сирек тұтынған. Дәрігер вакцинаны салдырған соң үш күннен кейін қолында және аяғында қызыл дақтарды байқаған. Тексеру кезінде науқасқа тромбоциттердің жетіспеушілігі деген диагноз қойылды. Pfizer баспасөз қызметінің өкілдері дәрігердің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Компания мамандары вакцина мен ер адамның өлімі арасындағы тікелей байланыс барына дәлел жоғын атап өтті.