Еліңді қорғайтын – жеріңнің атауы

Еліңді қорғайтын – жеріңнің атауы

Еліңді қорғайтын – жеріңнің атауы
ашық дереккөзі
Елді ел ететін жері, жері жоқ ел болмайтыны сондықтан. Де­мек мемлекет дегенде ең алдымен оның аумағы есіңе ке­леді. Өйткені халықтардың әртүрлілігі секілді мемле­кет­тердің де аумағы әртүрлі. Мәселен, ұлан-байтақ жері бар Тәуелсіз Қа­зақстан мемлекеті территориясы жөнінен әлемде тоғызыншы орын­да тұр. Бірақ бізге бұны ешкім «сыйға» бермеді, ғасырлар бойы осы­нау даланы бабаларымыз төгілген қаны мен тері қорғады. Сонау арғы дәуірдегі ғұндар мен сақ­тар, беріректегі Түркі қағанаты, Деш­ті қыпшақ, Алтын Орда секілді мем­лекеттер (олардың бәрі біздің ба­баларымыз құрған мемлекеттер) ұлы даланың иесі болса, ол билік осы­дан 555 жыл бұрын Қазақ хан­дығы атты мемлекетке көшкені та­­рихқа хатталған. Ал Қазақ хан­ды­ғының бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Рес­публикасының негізі екені дау ту­дырмайды. Оны тарих ғылымы да мойындайды. Алайда есте жоқ ес­кі замандардан бүгінгі азат мем­лекетке жеткенше үнемі тек өз же­рін қорғап, басқаның жеріне көз алар­ту ойында болмаған ұлы дала тұрғындарының басынан өтпеген қиындық жоқ. Құдай маңдайына ше­каралас қылуды жазған шығыс пен солтүстіктегі елдер қазақ же­ріне көз алартуын ешқашан тоқ­тат­қан емес. Соларға соғысып, қарсы қан майданға мемлекет тұтастығын қор­ғаған хандарымыз бен ба­тыр­ла­рымыз – біздің мақтаныштарымыз! Тарих – кім екеніңді ұмыт­тыр­­­­майтын ғажайып жа­дынама. Ол сенің қандай халық екеніңді ға­на еске салып  тұрмайды, сенің ел ре­тіндегі территорияңды да көр­сетіп тұрады. Сондықтан еліміздің әр азаматы Қазақстан мемлекетінің аумағы мен әлем мойындаған ше­кара­сы туралы анық білуге мін­детті. Ол тіпті бізбен көршілес елдер де білуі тиіс мәлімет: Қазақстан ше­ка­расының ұзындығы құрлықтағы 13 394, Каспий теңізінде 2 000 ша­қы­рымнан асады. Жалпы жер кө­лемі – 2 724 900 шаршы шақы­рым. Міне, осы аумақ әлем картасында Қазақ­стан деген елге тиесілі екені көр­се­тілген. Біз мұны неге тәптіштеп отырмыз? Кеңестік кезеңде ұлттық рес­пуб­­ликалар құрылып, шека­расы бел­гіленгенде қазақ елінің біраз же­рі өзге елдерге беріліп кетті. Орал тауының солтүстігі Еуропа, оң­­түс­тігі Азия деген сылтаумен ежел­ден қа­зақтар мекен еткен Астрахан, Ом­бы, Түмен, Сарытау, Орынбор се­кіл­ді қалалар мен оған қарайтын ау­мақтар түгелімен Ресейдің құ­ра­мына өтіп кетсе, оңтүстік баты­сы­мыз­дағы Бесқала аймағы мен қа­зіргі Түркістан об­лысының өзбек елі­мен шекаралас бірнеше ауданын Өз­бекстан бауы­рына басты. Бұ­лар­дың ішінде Өз­бекстанға өткен жер­лердің шама­лысы ғана кейін қай­тарылды. Ал қалған жерлердің бә­рінен заң жү­зінде айырылып қал­дық... Әрине, кеткен кетті. Оны қай­­та­рып аламыз деп жан­та­ла­сып жат­қан біз жоқ. Бірақ өз­гелердің үне­мі жерімізге көз алар­туын тоқ­татпайтыны түсініксіз. «Даудың ба­сы Дайрабайдың көк сиыры» де­мекші, даудың басы 1945 жылдың 25 мамырында саяси көз­қарасы үшін 8 жылға сотталып, 1950-1953 жыл­дары Қазақстанда айдауда бол­ған, 1974 жылы «Ота­нын сатқан» адам ретінде КСРО аза­маттығынан айы­рылып шетелге қуылған орыс қа­ламгері А.Солже­ни­цынның 1990 жы­лы жариялан­ған «Ресейді қалай құ­рамыз?» деген ма­қаласынан бас­талды. Сол мақала­да Қазақстанның солтүстік облыс­тары Ресейдің жері деген пікір ал­ғаш рет ашық түрде ай­тылды. Бірақ оны қазақтың зия­лы қауымының беделді тұлғалары тікелей айыптап, батыл тойтарыс берді. Алайда КСРО-ның алғашқы жә­не соңғы пре­зиденті М.Горбачев те биліктен айырылар алдындағы бір сөзінде Қазақстанның солтүстігі орыс­тың жері деп сандырақтады. Бі­рақ кейін кешірім сұрады. Қазақ­станның Ха­лық жазушысы Шерхан Мұртаза сол кездегі Ресей прези­ден­ті Б.Ель­цинге осы мәселе бойынша сұрақ қой­ғанда ол «Ресей мен Қа­зақ­стан ара­сында жер дауы жоқ. Бар­лық мә­се­лелер халықаралық заң­дар не­гізінде шешілген» деп бұл мә­селеге нүкте қойған-ды. Бірақ кейін­гі кез­де баяғыда жойылып кет­кен, бү­гін­де мәні мүлде жоқ КСРО кезіндегі кей­бір құжаттарда айтылған нәр­се­лерді алға тартқысы келетін ре­сей­лік шенеуніктер ара-тұра Қа­зақ­стан­ның солтүстігіне көз салып, арам ниеттерін байқатып қояды. Оның басында Қазақстанда ту­ған ре­сейлік саясаткер В.Жи­ри­новский тұр. Артық-ауыс әңгі­ме­ні көп ай­тып, жүрген жерінде үнемі жан­жал тудырып, жұрттың наза­рын өзіне аударып жүретін Ж­и­ри­новскийдің сөзіне жұрттың көбі кү­ле қарап, айт­қандарын дені сау пі­кірге қос­пай­тын. Бірақ кейбір орыс шенеу­нік­тері Жириновский­дің аран­да­туын дұрыс деп қабылдай ма, әлде бас­қа бір себебі бар ма, кейін­гі кез­де РФ Мемлекеттік Ду­ма­сының бі­лім комитетінің төрағасы В.Ни­конов пен РФ Мемлекеттік Дума­сы­ның депутаты Е.Федоровтың бірі­нен соң бірі Қазақстан мемле­ке­тін қа­сақана мойындағысы кел­ме­ген ың­ғай танытып, еліміздің ау­мағын Ре­сейдің сыйға берген же­рі деп сан­дырақтауы бір жағынан күлкі ша­қырса, екінші жағынан на­разылық оятатын-ақ жағдай болды. Алайда көшеде жүрген әлдебіреу емес, мем­лекет билігінде жүрген адам­дар­дың бұлайша тым шектен шығуы ой­ландыратын жағдай. Сонда не істеу керек? Әр құбылыстың не індеттің сал­дарымен күресіп, оны жою­ға ұзақ уақыт пен үлкен күш ке­те­ді, кейде оның өзі жеткіліксіз бо­лады. Сондықтан тынышымызды ал­ған мәселенің себебін тауып, со­ны тоқтату керек. Біздіңше бұл – елі­­мізде өте баяу жүрген деко­ло­ни­за­ция үдерісі. Себебі жетпіс жыл Ре­сей патшалығының, жетпіс жыл­дан аса қызыл империяның бо­да­нында болуымыз елімізде тарихи атау­лардың жойылуына, тілдің әл­сіреуіне, қазақ халқының санының азаюына жеткізді. Қазір осының ал­дыңғы екеуінің шешілуінде әлі ая­ғына жеткізілмеген істер бар, ал мем­лекет құраушы ұлттың пайыз­дық деңгейі жетпіс пайызға жуық­тап қалды. Демек, бізге Қа­зақ­стан­ның солтүстігінің атын да, затын да қа­зақыландыру үдерісінің жыл­дам­ды­ғын көтеру керек. Рас, бір кезде қаптаған орысша атаулардың ас­тын­­д­а қалған еліміздің солтүстігі мен шығыс жағындағы елді ме­кен­дердің біразының атауы қаза­қы­ланды. Тіпті, солтүстік жаққа оң­түстіктің халқы көптеп көшіп, қа­зақи демографияның деңгейін кө­теріп те жатыр. Солай да болса, әлі шешілетін маңызды шаруалар бар. Соның бірі әлі күнге арқамызға аз­дай бататын Петропавл, Павлодар қа­лаларының атаулары. Бұрын Қазақстанның сол­түс­ті­гінде орыстілді халықтар­дың пайыздық жағынан артық­шы­лығы болғаны рас, бірақ тәуелсіздік ал­ғалы ол атмосфера біраз өзгерді. Өйт­кені ол аймақтағы орыстілді ха­лықтардың көбі тарихи Отанына кө­шіп кетсе, ол жерге шетелдерден кел­ген қандастарымыз қоныстан­ды, ішкі миграция да әсер етіп жа­тыр. Сөйтіп қазақтардың солтүстік пен шығыста үлесі көбейді. Бірақ неге екенін белгісіз, Павлодар мен Пет­ропавл деген қала аттары отар­лық кезеңнің таңбасындай болып әлі тұр. Олардың атын өзгерту тура­лы мәселе тәуелсіздік алғалы талай кө­терілген, бірақ әлі нәтиже жоқ. Неге? Неліктен біз өз территория­мыз­дағы елді мекен, қала атауларын өзгертуге, жаңартуға аса сақтықпен қа­раймыз? Тәуелсіз мемлекет өз ау­мағындағы барлық мәселені еркін шешуі тиіс емес пе? Ресейлік депу­тат­тар­дың сө­зінен кейін жұрт­шылық Пав­лодар мен Петропавл қа­лаларының аттарын өзгерту ту­ралы қайта бас­тама көтеріп жатыр. Дұрыс әре­кет! Шекаралық аймақ­тар­дағы, орыс отаршылдығы кезін­де зорлықпен таңылған атаулар әлі өзгеріссіз тұр­са, өзгелер оған көз алартпаған­да қайтеді? Петропавл қаласының іргесі 1752 жылы әскери бекініс ре­тін­де қаланса да ол тұрған жер­дің ежелгі атауы – Қызылжар. Ол маң­ды атамзаманнан бері орта жүз қа­зақтары мекендеген. Тіпті ХХ ға­сырдың бас кезінде де қаланы қа­зақтар Қызылжар деп атаған. Ал Павлодар қаласы да ежелден қазақтар мекендеген жер. Әлі күнге бая­ғы қазақтардың ұрпақтары тір­лік кешеді сол жерде. Кейінгі кезде атал­ған шаһарға еліміздің әр тұ­сы­нан көшіп барып жатқан қазақтар да аз емес. Қала Ертіс өзенінің бойын­да тұр. Сондықтан оған Ертіс атауы берілгені дұрыс деген пікір­лер жиі айтылып жатыр. Несі бар, өзен­мен аттас қалалар аз ба жер бе­тінде? Мысалы, Ресей астана­сы­ның атауы да Москва өзенінен алын­­ған. Сондықтан Павлодарға Ертіс деген атау жүзікке қас қон­дыр­ғандай жарасатыны сөзсіз! Ендеше Петропавлға тарихи Қы­зылжар атауы қайтары­лып, Павлодарға Ертіс деген ат берілуі тиіс. Ол тарихи жағынан да, сая­си жағынан да дұрыс шешім бо­лары сөзсіз. Оған біреулер ренжи қоя­ды деп ойламаймын. Бар бол­ғаны жаңа ғасырда тәуелсіз елімізде екі ірі қаланың атауы жаңаланып, жаңаша дамудың жолына түседі. Елі­мізде ондай тәжірибе жоқ емес, мә­селен, Алма-Ата – Алматы, Це­линоград – Астана, Нұр-Сұлтан, Гурев – Атырау, Шевченко – Ақтау, Жам­был – Тараз деп ескі атауларын өз­герткенде халық жатырқамай қар­сы алды емес пе? Шекарасынан, аумағынан басқа елдің кімге тиесілі еке­нін білдіріп тұратын екі нәрсе бар, оның бірі халықтың сөйлеу тілі мен жер-суының, қаласының ат­тары! Бүгінде халқының көбі ана ті­лінде сөйлеп тұрған қазақ даласы бөг­де атаулардан тазартылса, сырт­тағы жұрттың тіліне тиек етер дә­лелі жоғалып, ешкімнің бізге айтар дауы болмас еді. Сол үшін деко­ло­низацияны ақырына дейін жет­кі­зіп, күмән атаулыны көміп тастауы­мыз қажет.