«Даму мен прогресс үшін»: Тараздағы фосфор зауытының еңбек ұжымы сайлауға сенім білдірді

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гулам Умаров, Жамбыл облыстық депутаттығына кандидат Ерқанат Манжуов және Тараз қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Арман Қарағалиев «Жаңа Жамбыл» фосфор зауытының еңбек ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Nur Otan» партиясының міндеті әр азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін экономика құру.

Тұрақтылықты сақтау үшін дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнес субъектілеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді. 14,1 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды. Сайлауалды бағдарламаға сай «Бизнестің жол картасы-2025» аясында кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 250 жаңа жобаға жыл сайын қаржылық қолдау көрсетіледі және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында кемінде 35 жоба іске асады. «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде кемінде 20 басым жоба жыл сайын жүзеге асады.

«Қала экономикасының тұрақты дамуы үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласындағы жаңа жобаларды іске асыру қажет. Бұл 1 069 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Соның аясында 5 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, «ДжонБаннметаллПром» ЖШС жылына 270 мың тонна қуаттылығымен мыс концентратын өндіретін цехы ашылса, 250 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Жаңа инвестициялық жобаларды тарту және қала экономикасына капитал салымын жасамақ инвесторларға қолайлы орта қалыптастыру және олармен қала тұрғындарын міндетті жұмысқа орналастыру келісімге тұру арқылы 2025 жылға қарай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,6% болады», деді кандидат Арман Қарағалиев.

Кездесуде сайлаушылар партияны қолдайтынын айтып, «Даму мен прогресс үшін «Nur Otan»-ды қолдаймыз!» деп, 10-қаңтар күні өтетін сайлауға сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Back to top button