Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясының жаңа босанған кандидаты перзентханада үгіт-насихат жүргізді

ашық дереккөзі

«Nur Otan» партиясының жаңа босанған кандидаты перзентханада үгіт-насихат жүргізді

«Nur Otan» партиясының құрамында сертке адал, партиялық ұстанымға берік азаматтар ғана еңбек етеді. Солардың бірі – Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Динара Егамбердиева. Праймеризде топ жарып, партияның кадрлық резервіне енген Динара сайлау қарсаңында дүниеге бір батырды әкелді. Ел аманатын арқалап жүрген үміткер перзентін дүниеге әкеле сала перзентханада дәрігерлерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ақ желеңді абзал жандар өжет үміткердің бұл әрекетіне оң бағасын беріп, партияны қолдайтынын жеткізді.