Титулдық айқас: Бейбіт Шүменов америкалық боксшымен кездеседі

Титулдық айқас: Бейбіт Шүменов америкалық боксшымен кездеседі

Титулдық айқас: Бейбіт Шүменов америкалық боксшымен кездеседі
ашық дереккөзі
WVA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов 29 қаңтарда (18-2, 12KO) шаршы алаңға қайта оралады. Қазақстандық спортшы келесі жекпе-жегін әйгілі промоутер Дон Кинг АҚШ-та ұйымдастыратын бокс кешінде өткізеді. Кеш Голливуддағы (Флорида штаты) Seminole Hard Rock Casino аренасында ұйымдастырылады. BoxRec.com таратқан мәлімет бойынша, 37 жастағы Бейбіт Шүменов 35 жастағы америкалық боксшы Рафаэль Мерфиге (14-1, 11КО) қарсы айқасады. Рафаэль Мерфи WBA рейтингінде сегізінші орында тұр. 12 раундқа есептелген айқаста көмбеге Шүменовке тиесілі WBA Regular титулы тігіледі. Бокс кеші Қазақстан уақыты бойынша 30 қаңтар күні өтеді. Айта кетерлігі, Бейбіт Шүменов бұған дейінгі жекпе-жегін өткен айда бельгиялық Рияда Мерхиге (29-1, 24KO) қарсы өткізуі керек еді. Алайда боксшылардың командалары келісімге келе алмаған көрінеді.